Bugin

Мектепте оқитын қыздардың пәктігі тексеріліп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Түрікменстанның батысында оқушы қыздарды күштеп, пәктікті анықтайтын тексерістен өткізіп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Білім саласындағы қызметкерлердің айтуынша, полиция тізімге ілінген қыздардың телефонын тексеріп, олардың кіммен жыныстық қатынасқа түскенін анықтайды екен.

Бұл шара моральдық ұстанымдарын бағалау және жасөспірімдер жүктілігіне жол бермеу үшін жасаланып жатқан көрінеді.

Гинекологтар қыздарды тексеру үшін мектеп оқушыларының немесе ата-аналардың келісімін сұрамаған. 

"Түркіменбашы, Балқанабад қалаларында 9-11 сынып оқушыларын гинекологтың тексеруінен өтуге мәжбүрлеп жатыр. Тексеріс кезінде жыныстық қатынасқа түскені анықталған қыздардың тізімі жергілікті полиция басқармасы мен ұлттық қауіпсіздік министрлігіне жіберіледі", — дейді анонимді түрде сұхбат берген білім қызметкері.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұл шара кәмелетке толмаған балалармен жыныстық қатынасқа түскен адамдарды жауапқа тарту үшін ұйымдастырылып жатқанын айтты.

Әйел құқығын қорғаушылар мұндай тексерістер ақылға сыймайтынын, жас қыздардың пәктігін растау олардың ар-намысын қорлайтын шара екенін айтады. Олар бұл тәжірибеден бас тартуға шақырады.