Bugin
Фото: depositphotos
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстандағы ең бай зейнеткер туралы кейбір мәліметтерді айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Журналистің "Қазір 750 мың теңге зейнетақы алатын адам қанша жалақы алған?" деген сұрағына министр қысқаша жауап қайтарды.
Сонымен қатар, Министр ең көп зейнетақы алатын қазақстандық азаматтың жұмыс істеген кезінде қанша айлық алғанын айта алмайтынын жеткізді.
"Оның 1998 жылдан бері жоғары жалақы төленетін лауазымды қызметтерде жұмыс істегені анық. Шамасы, максималды мөлшерде шегерімдер болған. Меніңше, ол ақшасын қолма-қол алмай, әр жалақысының 10 пайызын тікелей аударып, осындай зейнетақы жинаған. Керемет. Баршаңызға осындай зейнетақы тілеймін", - деді Светлана Жақыпова.