Bugin
Фото: ашық дереккөзден
Бүгін Сарыағаш аудандық сотында өз жұмысына салғырттық танытты деп айыпталған пробация қызметкері соңғы сөзін айтты. Түркістан облысында атышулы сот процесі аяқталуға жақын, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
39 жастағы сотталушы Сарыағаш ауданындағы 5 жасар Еркежан Нұрмаханды зорлау және өлтіру дерегіне қатысты іс бойынша айыпталған.
Іс материалдарына сәйкес, пробация қызметкері ауыр қылмыс жасағанға дейін шартты түрде сотталған Сайдолим Ғаибназаровты қадағалауы керек болған. Журналистерге сот процесін сотталушының бет-әлпетін видеоға түсірмеу шартымен жариялауға рұқсат етілді.
Прокуратура қызметкердің үстінен іс қозғап, үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұраған. Алайда сотталушының өзі құзырлы орган таққан айыппен келіспейді. Ол өзін ақтауды сұрайды және өзін кінәсіз санайды.
"Мен өзімді кінәлімін деп есептемеймін және бұл бірінші сатыдағы сот тергеуі кезінде дәлелденді. Егер мен орындауға тиісті міндеттер туралы айтатын болсақ, онда көрсетілген тәртіп пен маған жүктелген міндеттер бұрмаланған, қабылданған және ойлап табылған. Осы бес ай бойы тергеу жүріп жатқанда отбасыммен ұйықтай алмай келеміз. Осы уақыт ішінде әкем тіпті екі рет ауруханаға түсті. Құрметті сот, жәбірленуші тарап мені ақтауды да сұрады. Жәбірленушілер маған қарсы арыз да жазбаған. Осының барлығын ескеріп, мені ақтауыңызды сұраймын",- деді сотталушы соңғы сөзінде.