Bugin

“Бір сағаттан астам ілініп тұрды”: Электрик тоққа түсіп көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Алматыда жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан электрик бағана үстінде тоққа түсіп көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Астана арнасына сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға Медеу ауданының Горводопровод көшесінде болған. Тұрғындар бұл маңда жарықтың жиі өшетінін айтады. Бұл жолы да электрикті тұрғындардың өзі шақырыпты.

"Біз үшін күтпеген жағдай болды. Маман көз жұмған соң, сол орнында бір сағаттан астам уақыт жабысып тұрды. Кеше күні бойы қалың қар жауды ғой. Мәселе сонда болуы мүмкін. Оның үстіне электриктің өзі де дайындықсыз келген сияқты. Үстінде арнайы киім болғанымен, саты, басқа да құрылғыларды көршілерден алды. Басшылық мұны қадағалауы тиіс деп ойлаймын",- дейді қала тұрғыны Серікбол Қайрамбаев.