Bugin
Фото: dzen.ru
Үш жасында жоғалып кеткен бүлдіршін бірнеше жылдардан кейін табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Баласын жоғалтқан Ван Мин Цин мен оның әйелі Лю Дэн Ин сол кезде жеміс сатушы болып дүкенде жұмыс істеген. Бір күні кешке Ван Мин Цин көрші дүкенге аз уақытта барып келуді ұйғарып, қызды жалғыз қалдырады.Сол сәтте анасы қызынан көз жазып қалған.
Олар қызын бүкіл қала мен қала маңында іздеді. Ерлі-зайыптылар баланың жоғалғаны туралы хабарландыруларды іліп, жақсы жаңалықты естуге асығады. Бірақ еш нәтиже болмайды.
2015 жылы Ван қызын үздеу үшін такси болып қызмет ете бастайды.Көліктің артқы терезесінде ер адам бірнеше жыл бұрын жоғалып кеткен қызын іздейтіні туралы хабарландыру жариялап, әр жолаушыдан қызы туралы сұрап отырған.
"Бір күні қызым мені тауып, көлігімді тоқтата алады", — деген алдамшы үміт Ванды такси болып жұмыс істеуге итермелейді.
Ванның жолаушылары көптеген жылдар бойы жоғалған қызын іздеп жүрген әкесі туралы Әлеуметтік желіде жариялай бастады. Іздеудің бұл ерекше тәсілі Қытай газеттерінің назарын аударды.
Полиция да Ванның қызын іздеуге тырысты, бірақ нәтиже болмады. Оған ұқсас адам болған сайын ДНҚ сынағы теріс нәтиже берді.
Іздеу барысында полицияда жұмыс істейтін суретші Ванның қызының портретін салған. Бұл портрет интернетте тарап, танымалдыққа ие болады.
Қытайдың солтүстігіндегі Ван отбасынан мыңдаған шақырым жерде тұратын 27 жастағы Кан Ин бір кездері бұл портретті көріп, онда бейнеленген әйелдің оған қаншалықты ұқсайтынына таң қалды.
Қыз бала Ванмен жолығып, оған өзінің жоғалған қызына қатты ұқсайтынын хабарлаған.
ДНҚ талдауын жасатқан әйел мен оның әкесі осылайша кездейсоқ қауышқан.
2 сәуірде Ван алғаш рет Кан Ин-мен дауыстық байланыс арқылы сөйлескен.
"Осы сәттен бастап әкең сенімен бірге, енді алаңдаудың қажеті жоқ, әкең саған көмектеседі", — деді Ван қызына.
3 сәуір күні Гириннің солтүстік-шығыс провинциясында тұратын Кан Ин чендуға бүкіл отбасымен — күйеуімен, ұлымен және қызымен бірге ұшып келеді.
Кан Ин мен оның анасы Лю Дэн Ин кездесуде қатты құшақтасып, табысады. Кейінірек Кан Ин көзіне жас алып:
"Бүкіл әлем маған анам жоқ екенін айтты. Бірақ, ол бар екен", - деп анасын қатты құшақтайды.