Bugin
Фото: Bizmedia
Жапонияда болған жер сілкінісі мен цунами салдарынан 15 мыңнан астам адам қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл жантүршігерлік жағдай 2011 жылы 11 наурызда болған.
Ресми мәліметтерге сәйкес, табиғи апаттан опат болғандар саны 15 мың 57 адамды құраған. 90 мыңнан астам ғимарат толығымен қирап, 258 мыңнан астам тұрғын үй құрылысы бүлінген.
2011 жылы 11 наурызда болған 9 баллдық жер сілкінісі және одан кейінгі цунами Жапонияның солтүстік-шығыс аудандарының инфрақұрылымын бұзып, тұрғындар өліміне, түрлі қиындықтарға әкеп соқты.