Bugin

Димаш Құдайберген кезекті концертінің қай елде болатынын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: news.myseldon.com

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Түркияда жеке концертін өткізеді, деп хабарлайды Bugib.kz порталы.

 Әнші қуанышты жаңалығымен әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Жанкүйерлеріне Стамбұлда жеке концертін өткізетінін айтқан Димаш кешті мамыр айыа жоспарлаған.

"Құрметті достар! Биыл 24 мамырда «Stranger» сапарының аясында Түркияның Ыстанбұл қаласында менің жеке концертім өтеді. Мен шығармашылықты жаны сүйетін, мейрімді жандармен бірге ән саламыз деген ойдамын", - деп жазба жариялады әнші өзінің Instagram парақшасында.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген Қытайдағы жаңа жыл мерекесінде өнер көрсеткен болатын.

Өзге де шұғыл жаңалықтарды Telegram-нан оқыңыз!