Bugin
Фото: Видеодан скриншот
Журналист Бауыржан Карипов қазаққа келін болған қытай қызы туралы видео жариялады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.
Кәсіпкер келіншек:
"Менің есімім – Джу Чун Лей. Ұлтым – қытай. Қазақтың келінімін, қазақша есімім – Жауһар. Екі балам бар. Үлкенім – 20 жаста. Айдана . Кенжем – 13 жаста, есімі – Айдын. Құлжада самаурын шайхана ашып отырмын. Мейрамханам да бар. Мемлекеттік жұмыс істей жүріп, жеке кәсіп аштым",-деп айтады.
Жолдасы қайтыс болғанда, қатты қиналған екен. Өзі жүрегіне ота жасатқан соң, күйеуі қатерлі ісіктен зардап шеккен. Ол лекі жыл жолдасын емдетуге тырысқап. Қарызы көбейген. Қарызын қайтару оған өте ауыр болған.
Ол:
"Сүйегім қазақ болмаса да, 2 қазақ баласының анасымын. Күйеуім қайтыс болса да балаларым бар. Мен қазақтарды нақ шынайы көңілімде жақсы көремін. Қазақтың дәсттүрі, салт-санасы маған да жағып кеткен",- дейді ол.
Видеоны осы сілтемеден көре аласыздар.