Bugin
Фото: depositphotos.com
Іш қуысынан салмағы 14 келі болатын қатерлі ісік өсіндісін сәтті алып тастады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі The Times of India сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Науқастың емдеуші дәрігерінің айтуынша, ол тарихтағы ең үлкен операцияның бірі екен. Талдау нәтижесі бұл май тінінде дамитын сирек кездесетін қатерлі ісік түрі – липосаркома екенін көрсетті.
Денесіндегі осындай қатерлі өсіндінің кесірінен 77 жастағы ер адам екі жыл бойы ішкі мүшелерінің қысылуынан зардап шеккен. Бұл тыныс алудың қысқаруына және қан ағымының төмендеуіне әкеліп, ер адамның аяқтарының ісінуге себеп болған.
Өсіндінің өлшемі 75-тен 45 сантиметрге дейін, ал салмағы 14 келі болды. Операция МРТ нәтижесі бойынша жүргізіліп, алты сағатқа созылды.Оқиға Үндістанда болған.