Bugin
София Бикенова сағат 19:00 шамасында №84 мектеп-лицейден шығып, үйіне қайтпаған. Оқиға туралы Bugin.kz тілшісі астаналық "Лидер" еріктілеріне сілтеме жасап хабарлайды.
Сағат 21:00-ден бастап полицейлер, еріктілер, көршілер, мектеп оқушыларының ата-аналары және барлық мүдделі елорда тұрғындары баланы іздестірді.
Қалалық полиция департаментінен:
"Барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді, бала жүріп өткен барлық жолдар бойындағы бейнебақылау камералары қаралды.Іздеуге еріктілер де үлкен көмек көрсетті.Қабылданған шаралардың арқасында бала табылып, ата-анасына", - деп мәлімдеді.
Қыз аман-есен Астанадағы пәтерлердің брінен табылған.