Bugin
Фото: depositphotos.com
Зерттеушілер автомобильдердің ауаны ластаудағы үлесі 70%-ке жеткенін айтып дабыл қағып отыр. Елімізде зиянды қалдықтарды көп бөлетін ескі көліктерге шектеу қою мәселесі көтерілді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Qazaqstan арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жалпы ел аумағында қазір 5 260 636 автокөлік бар. Бұл тек ресми тіркелгендері ғана. Оның 4 631 301-і жеңіл машина. Ал 518 887-сі жүк көлігі болса, 110 448-і автобус. Қалада қозғалыс жасайтын көліктің ауа бөлу СО2 нормативі 0,30-дан аспау керек, десе де бүгінгі таңда автокөліктерден шығатын зиянкестің көлемі 30-35 млн тоннаға жеткен.