Bugin

"Жүрегі тоқтаған": оралдық дәрігер ұшақта ерекше әрекет жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

11 ақпанда Алматы-Орал рейсінің бортында тосын жайт орын алды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі “Мой Город” сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бала ауырып, тыныс алуы мен жүрек соғысы тоқтаған. Айтпақшы, ол диспансерлік есепте тұрады.

Ұшақ бортында жолаушы ретінде облыстық көпсалалы балалар ауруханасының дәрігері болған. Ол дереу баланың жағдайын бағалап, оны жандандырды. Кейін оған дәрілік көмек көрсетілді.

Баланың жағдайы тұрақталып, Орал әуежайына жеткен соң жедел жәрдем бригадасына жеткізілді. Дәрігердің есімі құпия сақталды.