Bugin
Фото: depositphotos
Қазгидромент елімізде 13, 14 және 15 ақпанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Болжам бойынша, Қазақстан аумағына солтүстік-батыстан арктикалық антициклон жылжиды.
"Циклон бірте-бірте республиканың басым бөлігіне ықпал етіп, ауа райы аязды болады. 15 ақпанда республиканың шығысында, 16 ақпанда оңтүстік-шығыста атмосфералық фронттар әсерінен жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады, кей жерлерде қатты жауын-шашын, көктайғақ, бұрқасын болады деп болжанып отыр", делінген хабарламада.
Аталған күндері ауа температурасы өңірлерде әр түрлі болмақ.
"Батыста ауа температурасы түнде 12-30, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта 30-38 градус аяз, 16 ақпанда шығыста 18-35 градус аяз, оңтүстікте 10-30 градус аяз, 17 ақпанда оңтүстік-шығыста 15-28 градус аяз болады", делінген хабарламада.