Bugin

Режиссер Қуаныш Бейсек жаңа қызметке сайланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: instagram.com/azamatc

Режиссер Қуаныш Бейсек "Қазақфильм" ұлттық студиясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Азамат Сатыбалды әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

"Белгілі продюсер және режиссер Қуаныш Бейсек "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Қуаныш, "Қазақфильмнің" шығармашылық даму бағытын қадағалап, сол бағытқа жауап беретін болады. Қуаныш студиямыздың дамуына өз үлесін қосады деген үлкен сенімім бар. Алла жар болсын", - деп жазды Азамат Сатыбалды.

Қуаныш Бейсек те өзінің  жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді.

"Жаңа Қазақстан құрамын деп уәде бере алмаймын. Алайда жаңа "Қазақфильм" құруға тырысамыз", - деп жазды Қуаныш Бейсек Instagram парақшасында.