Bugin

Алматыда адам өлтірген күдіктінің жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видео скрині

Шымкентте адам өлтірді деген күдікті "Қорғаудың" көмегімен ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталына сілтеме жасап. 

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, аса ауыр қылмыс Алматы қаласының аумағында түнгі уақытта болған. Алматылық тәртіп сақшыларының нұсқауына сәйкес, күдікті қылмыс орнынан Hyundai Elantra-ны тізгіндеп ізін суытқан.

Автокөлікті "Қорғау" бағдарламасын пайдалана отырып, бейнебақылау камераларының мониторингі барысында Шымкент Полиция департаментінің ЖБО қызметкерлері анықтады. Көлік құралын ұстауға дереу патрульдік нарядтар бағытталды.

"Ер адам полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетуге тырысты. Алайда ұсталып, УҰИ-на қамауға алынды",- делінген хабарламада.

Маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқи аласыз.