Bugin

Алып қашу оқиғасынан кейін жас қыз өзіне қол жұмсады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Бір топ жігіт студент қызды алып қашқан, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 
Оқиға Қырғызстанда болған. Шу облысында 20 жастағы студент Бурулай Турдаалыкызын алып қашқан. Бұл оқиғадан кейін қыз милиция бөлімшесінде қаза болған.
Сотта айыпталушы жігіт қызды алып қашқанын мойындаған, бірақ оны өлтірді деген айыпты жоққа шығарған. Сот оған 20 жыл түрме жазасын берген.

Қырғызстан 2013 жылдан бастап қыз алып қашқандарды қылмыстық жазамен қудаласа да, жыл сайын мыңдаған алып қашу оқиғасы тіркеледі. Белсенділер аталған практика көп жағдайда зорлық-зомбылық, ұрып-соғу және өзге де құқықбұзушылықтарға жол ашады дейді.