Bugin
Фото: Видео скрині
Депутат Нартай Сәрсәнғалиев бас прокурор мен Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасына жолдаған сауалында қаржылық пирамидалар мәселесін көтерді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Мәжілісмен "Л-капитал" туралы сөз қозғады. Себебі 1451 адам аталған қаржылық ұйымның құрбаны болған. Жұртшылықтың бұл ұйымға сенуіне жарнама жасап жалаулатқандардың сапында елге танымал өнер жұлдыздарының көп болуы себеп. Өнер иелерінің сөздеріне иланып, қаржысынан айырылғандардың арасында зейнеткерлер мен жалғызбасты аналар да аз емес екен.
Жалпы келтірілген шығын көлемі – 10 миллиар 499 миллион теңге. Сөйте тұра іс бойынша сот созылып, прокуратура органдарының әрекеті де көңілге қонбай тұр. Депутат құрбандар саны бұдан да көп дегенді алға тартады.
"Бұл жерде тағы бір түйткіл бар, "Л-Капитал" акционерлік қоғамына алданғандар саны 1451-ден әлдеқайда көп. Себебі арыз жазған ағайын қаржылық құйтырқылықтың құрбандары санатында әскери бөлім қызметкерлері, түрлі деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік мекеме қызметкерлері бар дейді. Бірақ олар арыз жазудан тартып отыр, себебі де түсінікті шығар, - деді мәжілісмен.