Bugin
Фото: freepik.com
Алматыда 12 жасар қызды шешесінің көңілдесі зорлап, қорқытқан деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Күдікті қызға "бұл жайтты ешкімге айтпа, әйтпесе анаңды өлтіремін" деген.
Ал, қыздың анасы жантүршігерлік жайтты екі күннен соң естіген. Бірақ ол полицияға бірден хабар бермей, істің мән-жайын өзі анықтауға тырысқан.
" Мені қонақ үйге апарып, тиісті. Киімімді шешті, төсекке жатқызды. "Тыныш жат, дымыңды шығарма. Егер айтсаң, анаң мен апаңды өлтіріп кетемін, менен басқа ешкімі жоқ" деді ол маған, – дейді жас қыз.