Bugin
Фото: freepik.com
53 жастағы ер адам 12 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады Bugin.kz порталы.
Оқиға Қырғызстанның Шолпан ата қаласында болған. Полицияға арызды зардап шеккен қыздың анасы берген. Оның айтуынша, қызы "Рух-Ордо" этнокешені маңында адасып кетіп, такси жүргізушіден көлігінде жылынып алуды өтінген. Ер адам 12 жастағы қызға тамақ алып бергеннен кейін оған күш қолданып, зорлаған.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері 1965 жылы туған ер адамды ұстады. Ұсталған ауыл тұрғыны этнокешенде күзетші болып жұмыс істейтінін айтқан.