Bugin

"Аспирин ішіп, оянбады". Танымал актер жұмбақ жағдайда қайтыс болған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: gas-kvas.com

Брюс Ли - әлемдегі ең танымал қытайлық актер. Алайда ол небәрі 32 жасында жұмбақ жағдайда қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Өнерлілер отбасында өмірге келген Брюс кішкентайынан әртістік жолды мансап еткен. Үш айлық жасында Ли "қыздың Алтын қақпасы" фильмінде нәресте, ал 6 жасында "Адамзаттың пайда болуы" фильмінде ойнады.

Танымалдық пен ақша Брюс Лиды қуанта алмаған. Ол қандай да бір себептермен депрессияға ұшырап, 33 жасқа дейін өмір сүрмейтінін жиі айтқан деседі.

Брюс Ли қайтыс боларының алдында "Өлім ойыны" киносында рөлге ие болды. Бірақ ол рөлді ұзақ уақыт бойы ойнай алмаған.

Себебі түсірілім барысында ол қонақүй бөлмесіне келіп, мызғып алуды жөн санайды.

Кей деректер бойынша Брюс Ли өзін нашар сезініп, "аспирин" ішіп, қалың ұйқыға кеткен. Содан қайта оянбаған.

Дәрігерлер өлімнің себебі мидың аневризмасы екенін көрсетті.

Алайда кейбір деректерде танымал актер белгісіз біреулердің қолынан қаза тапқан деген де ақпарат тараған.