Bugin
Фото: Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Талдықорған қаласының 28 жастағы тұрғыны екі ұл және бір қызды дүниеге әкелді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Үшемдер мерзімінен ерте өмірге келген. Олар 10 қаңтар күні туды.
Ақ халаттылар сәбилерді бір ай бойы бақылауда ұстаған.
"Алғашқы күндері олардың жағдайы ауыр болды. Балалар бір айдан астам уақыт дәрігерлердің бақылауында болды. Осы уақыт аралығында нәрестелер 400 грамға дейін салмақ қосты. Бүгінгі күні балалардың денсаулығы қалыпты", – дейді облыстық перинаталды орталық директорының орынбасары Дана Абылғазинова.
Үшемдердің ата-анасы Самал Аманжолова мен Ернұр Дүмбергенов балаларға Зейнеп, Зейін мен Зейнұр деген есім берген.
Қазір балалардың да, ананың да жағдайы жақсы.
Өзге де жаңалықтарды Telegram-нан оқыңыз!