Bugin
Фото: kraski-net.ru
Шымкентте ер адам өзіне жанармай құйып, өртемек болды, деп хабарлады Bugin.kz порталы.
Азамат Жиделібайсын-Гагарин көшелерінің қиылысындағы «Шайгүл» тойханасының шатырына шығып, сол жерде суицид жасауды ойлаған.
Ресми емес мәліметтерде өзін өлтірмек болған азамат "Шайгүл" тойханасының иесі екені айтылуда. Ол өзін өртеп, басындағы қиындықтарды осы жолмен шешуді көздеген. Себебі белгісіз біреулер тойхана иесінен кәсібін тартып алуға тырысып жатқан көрінеді.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері жетті.