Bugin
Фото: видеодан скриншот
Бүгін таңертең Теміртауда газ жарылып, 2 қабатты ғимарат қирады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Теміртау әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Сағат 08.06-да Теміртау қаласы, Ватутина көшесі, 2 қабатты дүкен ғимаратында газ жарылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткенде дүкен ғимараты опырылып, өртке оранғаны анықталды. 08-44-те тексеру және барлау кезінде үйінді астынан әйел адам шығарылды (жағдайы анықталуда), оның айтуынша, үйінді астында ер адам бар, қирандыларды қопару жалғасуда",-делінген хабарламада.
ТЖМ хабарламасында тағы бір әйел адамның денесі табылғаны айтылды. Қазір ер адам іздестірілуде.
Оқиғаны осы сілтемеден көре аласыздар.