Bugin
Фото: Bugin.kz
Ғылым және жоғары білім министрлігінің алқа отырысында қазіргі заманғы жоғары білімнің сапасы мен қолжетімділігі талқыланды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі ведмоствоға сілтеме жасап хабарлайды.
Министр Саясат Нұрбектің айтуынша, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының жалақысы 160 мың теңгеден 350 мың теңгеге дейін өскен. Ұлттық жоғары оқу орындарында 230 мың теңгеден 400 мың теңгеге дейін жалақы көтерілген.