МӘДЕНИЕТ

"Азан шақырып қойған аты басқа": өзге есіммен танылған тұлға

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Режиссер Шәкен Айманов: YouTube/qulaq sal

Бүгін, 15 ақпан – қазақ киноөнерінің майталманы Шәкен Айманов дүние есігін ашқан күн. Ол 1914 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Айманбұлақ ауылында туған. Актер әрі режиссер Шәкен Айманов туралы деректерді назарларыңызға ұсынамыз.

- Шәкеннің азан шақырып қойған есімі – Шаһкерім.

- Шәкен Айманов - 1938 жылы қазақтың тұңғыш дыбысты киносы "Амангелді" фильміне түскен. Онда Айманов  эпизодтық рөлден көрінеді.

- Шәкеннің үлкен ағасы Аққалейн қаржы саласымен шұғылданған. Інісі опера әншісі Кәукен Кенжетаев есімімен танымал.

- Англияда Шекспирдің 400 жылдығын тойлау кезінде Шәкен Кенжетайұлы Отеллоның монологын сахнада қазақ тілінде оқыды. Осылайша, оның бұл өнері тарихта қалды. 

- "Тақиялы Періште" фильмінің сюжеті өмірден алынған. Шын мәнінде, Шәкеннің Айнакүл есімді апасы кенже ұлына қалыңдық іздеген екен.

- Шәкен Айманов белгілі биші Шара Жиенқұлованың сіңілісі Хадишаға үйленіп, одан Мұрат есімді бір ұл сүйген. Кейбір деректе режиссердің бастапқыда бишінің сіңілісіне емес, өзіне ғашық болғаны туралы жазылған. Хадишаның бірінші некесінен сүйген қызы Майраны да бауырына басып, туған қызындай көрген. Ал күйеу баласы Асанәлі Әшімов болды.

- Шәкен Айманов 1970 жылы 23 желтоқсанда Мәскеу қаласында 56 жасында көлік қағып қайтыс болды.

- 1993 жылы қызы мен ұлы, алты жылдан соң жиендері Мәди мен Сағи қайтыс болады. Әнші Дина Айманова (Мұраттың қызы) — бүгінде ұлы режиссерден қалған жалғыз ұрпақ.

Дереккөз: sputnik.kz, bugin.kz