Bugin
Фото: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Катарға жасаған алғашқы мемлекеттік сапарының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Тоқаев өзінің Instagram парақшасында Катарға сапары туралы бейне шолуын жариялады.
"Мен Катарға алғашқы мемлекеттік сапардың қортындыларын жоғары бағалаймын. Катар Мемлекетінің Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен жүргізілген мазмұнды келіссөз нәтижелері бойынша қазақ-катар қатынастарын стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілгенін айрықша атап өткім келеді", - делінген жазбада.
Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, сапар барысында қол қойылған құжаттар екі ел арасындағы ынтымақтастықтың айрықша сипатының айқын дәлелі.
"Катар мемлекетімен өзара тиімді ықпалдастықты бауырлас хадықтарымыздың игілігі үшін арттыра береміз", - дейді Президент.