Bugin

107 жастағы қария ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Depositphotos

1916 жылы дүниеге келген Эдна Уолмсли екі дүниежүзілік соғысты және екі әлемдік пандемияны өткерген. Ол өзінің ұзақ өмір сүру туралы құпиясымен бөлісті.

Қарияның сөзіне сенсек, оның айтарлықтай құпиясы жоқ, тек тәбеттің дұрыс болғаны маңызды. Қазіргі уақытта қарттар үйінде тұратын әйелді тек қолында бір шыныаяқ шәйімен ғана көреді екен. Өйткені тәбеті жақсы Эдна Уолмсли үздіксіз тамақ ішкенді жөн санайды.

"Мен ұзақ өмір сүріп келемін, солай емес пе? Ұзақ өмір сүрудің құпиясы – менде әрқашан жақсы тамақ пен жақсы тәбет болған", - дейді 107 жастағы қария.

Эдна Уолмслидің үш баласы, үш немересі және төрт шөбересі бар. Ұзақ өмір сүрген әйел оқуды, поэзияны және кроссвордтарды жақсы көреді және әлі де мектепте үйренген өлеңдерін естен шығармаған. 90 жасында ол йогамен айналысқан және көп саяхаттаған. Мысалы, ол Венаға, Дюссельдорфқа барған, тіпті Үндістанға жеке өзі сапарға шыққан.