Bugin
Фото: primeminister.kz
"Қазақстан темір жолы" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевтың қанша жалақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz.
Сенат аясында журналистер ҚТЖ-ның топ-менеджерлерге төлеген жылдық бонустары туралы сұрақ қойды. Алайда ол бұл сұраққа жауап бере алмады, бірақ жалақысының мөлшерін атады.
"Менің жалақым – 1 млн теңге. Менеджерлердің жалақысы коэффициентпен есептеледі. Балдық жүйе бар. Сондықтан менеджерлердің жалақысы әртүрлі. Соманы айта алмаймын. Басқарма мүшелеріне сыйақы төленбейді. Алайда жылдың соңында оларға бонус беріледі. Қазір нақты санды айта алмаймын, бірақ біз бұл деректі жариялаймыз", - деді Сауранбаев сенат кулуарында журналистерге.
Айта кетейік, Нұрлан Сауранбаев 2021 жылы сәуірде "Қазақстан темір жолы" АҚ төрағасы болып тағайындалған еді.