Bugin

Соңғы үш жылда шетел азаматтары Қазақстаннан қанша бала асырап алды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Бас прокурор Берік Асылов сенат депутаттарына берген жауабында шетел азаматтарының Қазақстаннан неше бала асырап алғаны туралы фактілер келтірген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Берік Асылов ұсынған ақпаратқа сәйкес, соңы үш жылда шетелге 12 бала сатылған.

– 2021-2023 жылдар аралығындағы сот есептеріне сəйкес, республика соттары шетел азаматтарының қазақстандық балаларды асырап алу туралы 12 талап арызын (2021 – 3, 2022 – 8, 2023 – 1) қарап, қанағаттандырды, – делінген жауапта.

Прокуратура осы сот актілеріне апелляциялық өтінішхаттар, кассациялық тəртіппен наразылықтар келтірмеген. Өз құзыреті шегінде құзырлы орган басқа ақпаратты бермейді.