Bugin

ҚТЖ енді Әлия Назарбаеваның компаниясымен жұмыс істемейді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Қазақстан темір жолы АҚ Әлия Назарбаевамен байланысты Instant Payments компаниясымен теміржол билеттерін сату бойынша келісімді бұзды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"1 желтоқсанда "Instant Payments" компаниясымен келісім-шарт бұзылды, қазір «Мобильді портал» ЖШС жұмыс істейді. Бұл компания конкурстық негізде таңдалды. Олар электронды билет сату қызметін көрсетеді. Біз оларға сатылған билет үшін 29 теңгеден төлейміз", - деді ҚТЖ басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов.

Ол бұл жеке компания екенін, оның құрылтайшылары арасында ірі тұлғалар жоқ екенін атап өтті.

"Механизм бұрынғыдай: біз билеттерді сатуға шығарамыз, компания оларды агенттер арқылы немесе онлайн сатуды ұйымдастырады, - деп түсіндірді ол.

"Instant Payments" ЖШС-мен келісім 2014 жылы жасалған және 2023 жылдың соңына дейін жарамды. 2022 жылдың басында "Instant Payments" компаниясының негізін қалаушы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаева болды.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы қаңтар оқиғасынан кейін "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ электронды теміржол билеттерін шығару және сатумен айналысатын Instant Payments компаниясымен келісімшартты мерзімінен бұрын бұзып жатқаны белгілі болды.