Bugin

Ақтөбелік тұрғын 57 келі есірткімен ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ақтөбе облысының полиция департаменті баспасөз қызметі

Ақтөбе облысының полиция департаменті баспасөз қызметі  57 келі есірткі тасылмадаған ер адамның ұсталғанын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Полиция қызметкерлері арнайы жасақпен бірлесіп, көлік тұрағында жүргізілген жедел іс-шара барысында Toyota Alphard көлігін тізгіндеген ақтөбелік тұрғынды ұстады. Көлікті тінту кезінде жүк салғышынан өсімдік тектес заты бар алты қапшық табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген зат – салмағы 57 келіден асатын "марихуана болып шықты", - дейді ведомство өкілдері.

Тәртіп сақшылары түсіндіргендей, «одан әрі мақсатты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу және ұсталған азаматтың қылмыстық байланысын тексеру барысында қызметтік иттің көмегімен екінші  тұрғын анықталып, оның гараж шұңқырын тексеру кезінде өсімдік тектес заттар салынған екі қаптама табылып, тәркіленді.

"Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат – жалпы салмағы 20 келіге жуық «марихуана» есірткі заты. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 77 келіден асады, бұл 115 мыңнан астам бір реттік дозаны құрайды. Жиналған айғақтардың жиынтығы бойынша ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталғандарды үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр", - деп қосты полиция өкілдері.