Bugin

Әкесінің айтуымен тұрмысқа шыққан 9 жасар қыздың тағдыры белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Яндекс

Йеменде 10 жастағы қыз тұрмысқа шығып, бірден ажырасқан, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Нуджуд Али есімді қыз бала 10 жасында әкесінің қалауымен өзінен әлдеқайда үлкен азаматқа күйеуге шыққан.

Қыздың нақты туған күнін ешкім есіне түсіре алмайды. Себебі оның туу туралы құжаттары жоқ. 
Алайда балалығы басылмаған жас қалыңдыққа күйеуі неке түнінде тиіспеуге уәде берген. Бірақ, ол сөзіне тұрмай, тіпті Нуджудқа қол да көтерген. Ал Нуджуд Алидың енесі жас келінге ауыр жұмыстар жасатып, әбден қинаған.

Қыздың әкесі Нуджуд Алиды бақпас үшін оны ерте жастан тұрмысқа берген. Себебі Йеменде "Егер әйелдікке 9 жастағы қызды алатын болсаң, онда некең берік болады", - деген мақал да бар.

Қыздың әкесінің екінші әйелі 10 жасар Алиға жаны ашып, сотқа жүгінуді ұсынған.
9 жасында тұрмыс құрған қыз бала ажырасуға арыз берген. Сотта адвокат пен журналистердің күш-жігерінің арқасында ол істі жеңіп шыққан.

Кейіннен мектепке қайта оралған кішкентай қыз "заңгер" боламын деген арманын орындай алмаған. Себебі әкесі оны 16 жасында тағы да күштеп, тұрмысқа беріп жіберген. Содан бері қыз тағдыры беймәлім күйінде қалды.