Bugin
Фото: eurodom-vp.ru
Түркістанда бүтін бір ауылда жарық сөніп, жүкті әйел телефон жарығының көмегімен босануға мәжбүр болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Алатау ауылына шұғыл шақырумен келген жедел жәрдем көлігі қарға батып, қайта шығу қиын болған.
Оның үстінде ауа райының салдарынан ауылда жарық сөніп, ақ халаттылар жүкті әйелді қолда бармен босандырып алған.
Төлеби ауданына қарасты № 12 жедел жәрдем пунктінің қызметкерлері Ербол Сартаев, Асан Алтаев, Нұржан Пернебек есімді қызметкерлер ана мен бала өмірін аман алып қалған. Әйелді ұялы телефонның жарығымен босандырып, ерлік жасады.
Қазір ерекше жағдайда өмірге келген баланың жағдайы жақсы. Анасының өміріне де қауіп төніп тұрған жоқ.