Bugin
Фото: dzen.ru
Балалар арасында суицидке итермелейтін ойындар өршіп жүр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Жасөспірімдер арасындағы "Мен әлсіз емеспін" деген батылдықты дәлелдеу мақсатында қауіп-қатерге итермелейтін ойындар өршіп тұр.
"Ит қуанышы" ойыны баланың өміріне үлкен қауіп төндірген. Ойын барысында бала жиі дем ала бастайды, содан кейін өзі немесе достарының көмегімен белбеу, орамалмен өзін тұншықтыра бастайды. Мұның соңы естен тану не өліммен аяқталуы мүмкін.
"Жүгір немесе өл" атты ойын көлік жүргізушілері мен балалар өміріне аса қауіпті. Себебі жасөспірімдер жол жиегінде тұрып, көліктің астына түсуге ұмтылады. Ойыншының басты мақсаты – көліктен дер кезінде қашып құтылу. Содан кейін олар өз әрекеттері түскен бейнелерді әлеуметтік желіге орналастырып, «мықтылығын» дәлелдейді.
"Бір күнге жоғалып кет"– нағыз қорқынышты ойынның бірі. Басты шарт-ешкімге ескертпестен, өзімен бірге тамақ алмай, үйден 24 сағатқа кету. Балалар барлық гаджетін өшіріп, бір тәулікке жоғалып кетуі тиіс.Дегенмен үйден кету себебін ешкім де, ешқашан да білмеуі тиіс екен.
Осы тұста ата-аналар өз балаларының психикасына, өміріне қатты алаңдаулы екенін айтып, дабыл қаққан.