Bugin

Қарлы боран: Алматыда ауа райы нашарлайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Алматыда қар жауып, қатты көктайғақ күтілуде, жеп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазгидромет ақпаратынша, бүгін, 16 ақпанда таңертеңнен 17 ақпанға қараған түнге дейін Алматы қаласында жаңбыр түріндегі жауын-шашын болжанып, оның арты қалың қарға айналады. Ал ауа температурасы кешке - 20 градусқа дейін төмендейтіні айтылып, тұрғындарға ескерту жіберілген.

Осыған орай Алматы қаласы әкімдігі үндеу жасады.

“Түнгі уақытта көктайғақтардың алдын алу мақсатында учаскелерде 176 құм себетін машина кезекшілік етеді. Қар тазалау жұмыстарына барлығы 483 арнайы техника мен 1180 жол қызметкері жұмылдырылады. Болжалды көктайғаққа және тротуарлардағы көктайғаққа байланысты көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерден сақтық шараларын сақтауды сұраймыз.  Жүргізушілерге жылдамдықты азайтуға, көліктер арасындағы қашықтықты арттыруға, түзу сызықты сақтауға және кенеттен маневр жасамауға кеңес беріледі”, – делінген әкімдіктің хабарламасында.