Weekend

Төрт қақпалы Түркістан

Аз уақыттың ішінде көне шаһар жаңарған Түркістанға айналады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркістан – күллі түркі халықтарына ортақ, әлемге әйгілі қасиетті де киелі мекені. Бұл ең алдымен Ислам дінін таратушыларының бірі, сопылық ілімнің негізін қалаушы, ғұлама, әулие тарихатшы, ақын, философ Қожа Ахмет Яссауи бабамыз жерленген өңір. «Тек қазақ елінің ғана емес, бүкіл түркі жұртының зиярат жасайтын қастерлі орны. Оның рухани өмірінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің үлкен орны бар екенін білеміз.

Тарихы терең Түркістанның туризм үшін де маңызы ерекше. Қаланың тоғыз жолдың торабында орналасуы сыртқы және ішкі туристер мен жергілікті тұрғындар үшін өте қолайлы. Сондықтан Түркістан қай жағынан алсақ та, облыс орталығы болуға әбден лайық», – деп атап өтті Елбасы. Түркістан қаласы облыс орталығы болғалы бері көптің жіті назарында. Бүгінгі таңда жаңа орталықтың құрлыстары қарқынды жүзеге асуда. Төрт қақпалы Тұран шаһарының көркі болатын ғимаратттардың бірі жобаланып дайындалса, енді бірінің құрлыс жұмыстары басталып та кетті. Өзге облыстар мен еліміздегі алпауыт компаниялар киелі шаһарда сәулетті ғимараттардың бой көтеруіне атсалысуда. Сонымен қатар, Түркістан қаласының рухани-мәдени аймағында «ҰӘҚ Самұрық-Қазына» АҚ тапсырысымен Қожа Ахмет Ясауи мұражай нысанының құрылысы басталды. Бұдан өзге, әуежайдың құрылысы бойынша жұмыстар атқарылуда. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті, ҚР Қорғаныс министрлігі және «Казаэронавигация» АҚ мақұлдаған Түркістан қаласындағы әуежайды салу үшін 905,3 гектар жер телімі бөлініп отыр. 

Болашақта бой көтеретін ғимараттар тізімі бекітілді. Бұл тізімнің қатарында:

1. Қожа Ахмет Ясауи мұражайы

2. Туристік визит орталығы

3 Шығыс моншасы - тарихи сәулет үлгісінде салынады.

4. Әуенді субұрқақ.

5. Амфитеатр. Сәулетті ғимарат ашық аспан астында тарихи-заманауи үлгіде салынады.

6. Облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы.

7. Оқушылар сарайы.

8. Медиа орталық.

9. Стадион 7000 орынға лайықталған.

10. Бассейні бар спорттық кешен.

Аталған ғимараттың алғашқы кірпіштері қаланып, осы жылдың ішінде қолданысқа беруді жоспарлап отыр. Жолдарды кеңейту мен жаңа жолдар салу жұмытары аяқталуға жақын. Бірсыпыра көшелер кеңейіп, халық демалатын алаңқайлар безендіріліп Түркістан жұртшылығының таза ауада тыныстап жайлы орындықтарға жайғасуына мүмкіндіктер жасалуда. Бұрын жұмыс іздеп өзге аймақтарға сандалатын халққа өз қаласынан жұмыс көзі де табылды. Еңбектеріне лайықты табыс көзі тұрғындардың көңілінен шығуда. Жаңа ғимараттардың әр кішпінің қалануына туған жердің азаматтар атсалысып, жұмыла әрекет етуде. Аз уақыттың ішінде көне шаһар жаңарған Түркістанға айналады.