Bugin

“77 адам өлтірген”: қылмыскер түрмеде жағдайын жақсартуды сұрады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphoto.com

Норвегия соты 2011 жылы 77 адамды өлтіргені үшін 21 жылға сотталған неонацист Андрес Брейвиктің арызын қанағаттандырмады. Ол түрмедегі “адамгершілікке жатпайтын” жағдайға шағымданған.  Бұл туралы Bugin.kz тілшісі kun.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

45 жастағы Брейвик үкім шыққаннан бері басқа тұтқындардан бөлек, қатаң режимдегі түрмелерде отыр. Талап арызда мұндай жағдайлар оның құқығын бұзады деп көрсетілген.

Ол сотқа жүгініп, өзінің ұзақ уақыт оқшаулануы адам құқықтары жөніндегі Еуропалық конвенцияға сай емес деді.

Сотта ол депрессиядан зардап шегетінін және депрессияға қарсы препараттарға тәуелді екенін айтты. Ол билікті “өзін-өзі өлтіруге итермеледі” деп айыптады.

Сот Брейвиктің басқаларға қауіп төндіретінін ескере отырып, оның қатаң, бірақ жайлы жағдайда өмір сүруі әділетті деп тапты.

Судья Биргитте Колруд:

“Брейвик түрмеде жақсы жағдайға ие және күнделікті өмірде салыстырмалы түрде еркін”, - деді.

Брейвиктің түрмеде үш бөлек бөлмесі бар: жатын бөлме, кеңсе және шағын спорт залы. Ол сондай-ақ жалпы аумақтарды – ас үйді, қонақ бөлмені және жиналыс бөлмесін пайдалана алады. Оның камерасында теледидар, Xbox ойын консолі және үш тотықұс бар.

2011 жылы 22 шілдеде Брейвик Ослода үкімет кеңселерінің алдында бомба жарып, сегіз адам қаза тапты. Содан кейін ол Утойя аралындағы жазғы лагерьде тағы 69 адамды, негізінен жасөспірімдерді атып тастады.

2012 жылы ол 21 жылға бас бостандығынан айырылды, бұл Норвегиядағы ең жоғары жаза. Брейвик қауіпті деп танылса, бұл мерзім ұзартылуы мүмкін.