Bugin
Фото: әлеуметтік желіден алынды
“Қазақстанда орыс тілі ақырын ығыстырылып жатқанын” жазған ресейлік журналист Тина Канделакидің өнімдері сатылымнан алынып жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Телеграм арнасындағы жазбасында ол қазақтарды “мәңгүртке” теңеген еді. Осы оқиғадан кейін ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров оған Қазақстанға кіруіне тыйым салынғанын хабарлаған болатын.
14 ақпанда "Ansaligy" брендімен шығатын өнімдері сатылымнан алынғаны белгісі болған. Аталған брендтік заттар сайтта да, сауда сөресінде де жоқ. Астанадағы дүкен өкілі бұған желідегі наразылық әсер еткенін айтқан.
Ашуға булыққан қазақстандықтар Тина Канделакиге тиесілі өнімдерді сатып алмауға шақырды. Көптеген тұтынушылар дүкендерді жағымсыз пікірлер білдіріп, сатылуын тоқтатуын сұраған.