Bugin
Фото: depositphotos
Ақмола облысының Ақмол ауылында екі жасар қыз көлік астына түсіп, көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ер кісі көлігімен өзінің әйелі мен қызын балабақшаға жеткізген. Анасы мен кішкентай қыз көліктен түсіп, мекемеге қарай жүрген. Көлігін артқа жүргізбек болған ер адам әлі өтіп үлгермеген екі жастағы қызын басып кеткен.
Жедел медициналық көмек көрсетілгенмен, бүлдіршін көз жұмды. Әкесі абайсызда әкесі өз қызын өлтіріп алды.
Аталған дерек бойынша кәмелет жасына толмаған бүлдіршіннің өліміне қатысты іспен полиция қызметкерлері айналысып жатыр.