Bugin

Ресейлік оппозиционер Навальный қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: instagram.com/navalny

Ресейлік оппозиционер Навальный қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ашық ақпарат көздеріне сілтеме жасап.

Ресейлік БАҚ-тың мәліметінше, Навальный түрмеде қайтыс болған. №3 түзеу колониясында сотталушы Навальный серуеннен кейін өзін нашар сезініп, бірден есін жоғалтқан.

Оқиға орнына медицина қызметкерлері, жедел жәрдем бригадасы шақырылған.

Науқасқа барлық медициналық көмек көрсетілгенмен ешқайсысы оң нәтиже бермеген. Жедел жәрдем дәрігерлері Навальныйдың қайтыс болғанын растады. Өлімнің себептері анықталып жатыр.