Bugin

Семей-Өскемен тас жолында "Газель" көлігі аударылған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Polisia.kz

ШҚО-да полицейлер Семей-Өскемен тас жолының 111 шақырымында "Газель" көлігін аударылған күйінде тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, ауа-райының қолайсыздығына байланысты жүргізуші рульді басқара алмай, көлік аударылып кеткен.

Ер адам өз бетінше жол көлігімен Привольное ауылына жетті. 

Полиция тағы да жүргізушілерден ауа райы күрт өзгеруіне байланысты жолға шықпауды сұрайды.