Bugin

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com 

Синоптиктер 17-19 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазгидрометтің хабарлауынша, ел аймақтарында суық және қарсыз арктикалық антициклон болады. Аязды ауа райы сақталады. Тек 17 ақпанда еліміздің оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен қар жауады.

Таулы аймақтарда-қатты қар, тұман, көктайғақ және жаяу бұрқасын болжанды.   

Республиканың солтүстік және шығыс өңірлерінде температура түнде -30 -38 градус, күндіз -20 -28 градус аяз болады. Еліміздің оңтүстік-шығысында түнде -15 -25 градусқа дейін, таулы аймақта -30 -35 градус аяз болады. Ал күндіз -10 -25 градус болады.