Bugin
Фото: Видео скрині
Алматы облысы Бесағаш ауылында бәзбіреу жас жұбайларға тиесілі техниканы дәл үйлену тойдың үстінен ұрлағағаны бақылау камераға түсіп қалған, деп хабарлады Bugin.kz порталы.
Жас жігіт өзін той қонағы ретінде ұстайды. Осылайша төрде сырты қапталып әлі ашылмаған теледидарды көтеріп алып кетеді.
Видеодан жиынның енді аяқталып жатқаны көренеді. Мейрамхананың іші абыр-сабыр болып, бәрі бір-бірімен қоштасып жатқасын, ешкім де мән бермеген.
Қораптың сыртындағы жазуына қарағанда, болжам бойынша бұл теледидардың құны кемі 200 мың теңгеден миллионға дейін барады. Әлеуметтік желіде дәл осы азаматтың өзге тойлардан да неше түрлі заттарды ұрлап жүргені жазылған. Талғар ауданы полициясы өткен сенбіде болған ұрлыққа қатысты әлі арыз түспегенін жеткізді.