Bugin
Фото: KTK
Тергеу мәліметінше, ішімдікке сылқия тойған банкир экс-прокурор досымен бірге өзінің жүріп жүрген қызын асқан қатыгездікпен зорлаған. Пәтерде негізі 5 жігіт болыпты. Дегенмен тек біреуі қамауға алынған. Ал экс-прокурор 84 миллион теңге тұратын зәулім үйін кепілдікке қойып, бостандыққа шығып кеткен.
Жәбірленушінің айтуынша, 38 және 40 жастағы күдіктілердің көрсетпегені жоқ.
"Шұлығымды мойныма байлап, "үніңді өшір" деді. Екеуі түні бойы тоқтаусыз зорлады. "Тоқтатыңдар" деп жалындым, жыладым. Сөзіме ешкім құлақ аспады. Ұрып-соғып, көрсетпегенді көрсетті. Шашым жұлынды, денемнің сау жері қалмады. Шаруам бітті, өлдім деп ойладым",- дейді қыз.