Bugin

“Қатты аяз, қар мен көктайғақ”: бір аптаға арналған ауа райы болжамы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com 

Ауа- райының алдын ала болжамы бойынша, алдағы апта бойы Алматыда күн суық болады, қар жауады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Қазгидромет" РМК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Қисебаевтың айтуынша, қалада 17 ақпаннан бастап таңертеңнен бері толастамай тұрған күрт суыт пен жауын-шашын 23 ақпанға дейін жалғасады. Оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарын қатты аяз күтуі мүмкін. Түнде ауа температурасы -25°C дейін төмендейді. Күндіз және таңертең тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

17 ақпан: көшпелі бұлтты, түнде қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -21-23°C, күндіз -13-15°C.

18 ақпан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -23-25°С, күндіз -12-14°С.

19-20 ақпан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -21-23°, күндіз -12-14°.

21 ақпан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -18-20°С, күндіз -8-10°С.

22 ақпан: көшпелі бұлтты, күндіз қар жауып, көктайғақ болады. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -16-18°С, күндіз -6-8°С.

23 ақпан: көшпелі бұлтты, түнде қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болады. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -13-15°С, күндіз -5-7°С.