Bugin
Фото: skin.ru
Перзентханадан жаңа туған нәрестені ұрлағандар ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оқиға 2020 жылы болған.
Наталья Русикова есімді әйел жаңа туған нәрестесін белгісіз бір әйелдің ұрлап кеткенін айтады.
Жас ана баласымен бірге жатқан палатаның терезесінің астында белгісіз әйелдің жүргенін байқаған. Кейінірек ол босанған анаға келгіштеп кеткен.
Кейінірек Русикова әйелді өз сәбидің жанында көрген.
"Мен оған айтамын: сіз мұнда қалай келдіңіз? Ол екеуміз көзбен байланыста болдық. Ол үндемеді", - деді анасы.
Бәрі басылғанда келіншек дәретханаға барған.
Сол сәтті пайдаланған ұры шақалақты қолды етіп үлгерген.
"Менің көршім келіп, менің баламның ұрланғанын айтты. Мен гипнозға ұшырағандай болдым", - деп есіне алады Русикова сол бір тұманды сәтті.
Бала 25 шілдеге қараған түні ұрланған. Келесі күні нәрестені полиция қызметкерлері Қалмақ Республикасынан тапты.
Белгілі болғандай сәбиді ұрлап, үйіне әкелген 40 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.