Bugin
Фото: svadba.pro
19 жастағы итальяндық 76 жастағы зейнеткерге үйленді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Жас жігіт сүйіктісіне деген махаббатын бейнеролик арқылы жеткізген. Сол себепті де ол сынның астында қалды.
19 жастағы Джузеппе TikTok-та өзінің жас емес сүйіктісіне қолы мен жүрегін ұсынатын бейне жариялады. Клипте ол бір тізерлеп отырады және өзінің 76 жастағы ғашығына үйленуге ұсыныс жасайды.
Ерлі-зайыптылардың жас айырмашылығы айтарлықтай көп.
Жазылушылар бұл жағдайға қарсы шығып, түрлі пікір жазған. Ал махаббатына адал жас жігіт бұл әлі бастамасы екенін айтқан.