Bugin

"2 бала бар": аязды күні автожолда қалың қарға батқан көлік құтқарылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Дорожники Териберки

Маңғыстауда автокөлік қалың қарға батып, жол ортасында қалып қойған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Төтенше жағдайлар қызметіне «Жаңаөзен – Құланды» тас жолында автокөліктің қарға батқаны туралы  хабарлама келіп түскен.

Дабыл бойынша Жаңаөзен қаласының қызметкерлері аталған жерге барып, көмек көрсетті.

Олар «Toyota Xilux» маркалы автокөлігін сүйреп, қауіпсіз жерге шығарды. Автокөлік ішінде 5 адам, оның ішінде 2 бала болған, - деп жазылған хабарламада.