Bugin

"45 градус аяз": Қазгидромет тұрғындарға ескерту жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Bugin.kz / Ғайнижамал Арыстанбек

Синоптиктер Алматы, Астана және тағы 4 қаланың тұрғындарына қолайсыз ауа райы байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"2024 жылғы 19 ақпанда Қостанай, Өскемен, Риддер, Алматы, Ақтөбе, Астана қалаларында ауа ластанады", - делінген хабарламада.

Қолайсыз ауа райы - атмосфералық ауаның жер қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (жел, тұман) жиынтығы.

Синоптиктер 19 ақпанда Қазақстан аумағындағы ауа райы болжамын да ұсынды.

Қазақстан Республикасының батысында, оңтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталь бөліктердің әсерінен қар жауады. Ал оңтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста, орталықта жел күшейеді. Еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығысында тұман түседі.

"Жетісу облысында – 30-35 градус, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында -45 градус қатты аяз болады деп болжанады. Қарағанды ​​облысының солтүстігі мен шығысында 35-39 градусқа дейін қатты аяз сақталады", - делінген хабарламада.