Bugin
Фото: видеодан скриншот
Қазақстан азаматы Германияда жұмыс істеп, қанша ақша тапқанын көрсетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл туралы жігіт Tik Tok-тағы видеосында айтты.
Жас жігіт Германияға жұмыс істеуге кеткен. Соңғы айда ол 30 күн үзіліссіз жұмыс істедп, жалпы 1,4 миллион теңге табыс тапқан.
"Менде де басқалар сияқты несие, қарыз көп болды", - дейді жас жігіт видеода онлайн-банкинг қосымшасын көрсетіп.
Ол Германияда ай сайынғы шығындардың айтарлықтай жоғары екенін айтты. Жас жігіт тапқан табысының жартысымен елге оралған.